Қызылорда облысында бүгін екі ауылдық округте әкім сайлауы өтіп жатыр, – деп хабарлады Қазақпарат.

Бүгін Шиелі ауданына қарасты Ақмая және Тұран ауылдық округтері әкімінің сайлауы өтуде.

Екі ауыл тұрғындары әкімі болуға үміткерлер арасынан өз таңдауын жасап, өздері қолдау білдірген азаматтарға сенім артып отыр.

«Алғаш болып келген сайлаушыға учаскелік комиссия тарапынан сыйлықтар берілді. Айта кетсек, Ақмая ауылдық округінде 1 м518, Тұран ауылдық округінде 1 902 сайлаушы бар. Бюллетень тізіміне енген 5 кандидаттың 1-еуі саяси партия, 4-еуі өзін-өзі ұсыну тәртібімен түсуде», – деп мәлім етті облыстық сайлау комиссиясынан.
Облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, биыл аймақта 25 кент және ауылдық округ әкімдерінің өкілеттілік мерзімі аяқталады. Сондай-ақ тұрғындар өкілеттілігі мерзімінен ерте аяқталған 5 ауыл әкімін сайлайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!