Қызылорда облысында ер адам өзінің 7 жасар қызын зорламақ болған деп күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қызылорда облысының ауылында ер адамның өз қызына жыныстық зорлық-зомбылық жасамақ болған деген ақпарат тарады.
«Әкесі үйде ешкім болмағанын пайдаланып, 7 жасар қызын зорламақ болған. Ол қызды шешіндірмек болған сәтінде үйге 6-сынып оқитын ұлы келген. Ол әкесімен төбелесіп, қыздың қашып кетуіне көмектескен. Қыз жүгіріп, бәрін көршіге айтқан, ал ол қыздың анасына қоңырау шалды», – делінген желідегі постта.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«Күдікті ер адам қамауға алынды. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Істің барлық мән-жайлары анықталуда. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес істің басқа да егжей-тегжейлері жария етілмейді», – деді Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!