Қызылорда облысының полиция қызметкерлері 13 маусымда «Қарасора-2022» жедел- профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында Жалағаш ауданы, Аққыр ауылынан 9 шақырым қашықтықтағы «Қызыл шұқыр» учаскесіндегі қалың шеңгел арасынан ірі есірткі алқабы анықталды. Онда облыс тұрғыны заңмен тыйым салынған сора өсімдігін ірі мөлшерде егіп, күтіп-баптап өсірген. «Тексеру барысында жалпы саны 1149 түп сора өсімдігі анықталды. Оқиға орнында олар өртеу жолымен жойылды. Күдікті Жалағаш аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300 – бабы 2 – бөлігінің 3 – тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Онда ірі мөлшерде құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру жағдайы көрсетілген», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!