Қызылорда облысында көктемгі маусымдық қорғау шаралары аясында үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы белсенді күрес жүріп жатыр. Бүгінгі күні өңірде жоспарланған 17 132 гектардың 10 524 гектары ауыл шаруашылығы алқаптарында өңделді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәрі себілген негізгі аумақтар
Өңдеу жұмысы Арал ауданына қарасты Қарақұм, Сазды, Аққұм, Қосаман және Жіңішкеқұм ауылдық округтерінде жүргізілді.
Осы жұмыстарға мынадай техника мен мамандар тартылған:
- 2 жеңіл авиация кемесі;
- 2 аса жеңіл ұшақ;
- 12 жерүсті техникасы;
- 5 дрон;
- 45 арқаға асылатын бүріккіш;
- 48 мониторинг маманы.
Жалпы жоспар – 60 мың гектардан астам
Облыс бойынша шегірткеге қарсы күрес жүргізу үшін барлығы 60 024 гектар аумақ жоспарланған. Барлық жоспарланған аумақ бойынша мердігер ұйымдармен келісімшарттар жасалған.
Үйлестіру және бақылау
Өңірде шегірткеге қарсы күрес шараларын үйлестіру мақсатында облыс әкімінің орынбасары басқаратын жедел штаб құрылған. Мұндай штабтар аудан деңгейінде де жұмыс істеуде.
Жергілікті жерлерде мониторинг жүргізу және жұмыстарды үйлестіру үшін 279 адам тартылған.
445,8 мың гектар жерде шегірткелердің дернәсілдерін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта егін алқаптарында шегіртке зиянын тигізу фактілері тіркелген жоқ.
Жоғары деңгейдегі бақылау
Өңдеу шараларын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті бақылауда ұстап отыр.
Жұмыстардың барысын:
- Комитет төрағасының орынбасары Саят Сақмолдин,
- Қызылорда мен Ақтөбе облыстары арасындағы бақылауды Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы бақылауда ұстап отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!