Фото: egemen.kz/ Ерлан Омар
Үкімет резервінен Қызылорда облысының қажеттіліктері үшін 53 жылжымалы дизельді сорғы станасын сатып алуға шамамен 1 млрд теңге бөлінді, деп жазады Egemen.kz.
Жаңа жабдық магистральді арналарда су деңгейі төмен болған күннің өзінде 6 мыңнан астам гектар жерді суаруға мүмкіндік береді.
Сорғы стансалары магистральді және шаруашылықтар аралығындағы арналардан ішкі шаруашылық желілеріне су жіберу үшін қолданылады.
Бүгінде облыстағы 26,4 мыңнан астам гектар жерге суармалы егін егілген, оның 82,4 мың гектары күріш. Биылғы суару маусымында жоспарланған су көлемі 2,5 млрд текше метр құрайды.
Облыс әкімдігі «Қазсушар» РМК-нің Қызылорда филиалымен бірлесе арнайы мониторинг тобын жасақтап, Сырдариядан келіп жатқан су көлеміне сәйкес, бес магистральді және үш шаруашылықтар аралығындағы арналарға су беру кестесін бекіткен.
Олжас Бектенов қол қойған қаулы Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешені трансшекаралық су ресурстарына тікелей тәуелді екенін ескеріп, өңірді тұрақты түрде сумен қамтамасыз етіп, астық өнімділігін және азық-түлік қауіпсіздігін сақтауды көздейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!