«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қызылорда облысындағы тарихи-мәдени мұралар цифрлық форматта қолжетімді.

3D-картада республикалық және жергілікті маңызы бар 150 ескерткіш қамтылған.

Алдымен ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміндегі, маңызды тарихи нысандар енгізілген.

Әр ескерткіштің архивтік деректері, аңыз-әңгімелері және виртуалды үлгісі 3 тілде ұсынылған.

Облыста қазіргі таңда 31 республикалық, 256 жергілікті маңызы бар жалпы 287 ескерткіш мемлекет қорғауында.

Бұл жоба – рухани мұра мен тарихты ұрпаққа жеткізудің заманауи жолы.
Қызылорда облысының ескерткіштерінің интерактивті картасын мына сілтеме арқылы көруге болады: virtualmap.xyz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!