Көктемгі-жазғы мезгілінде ауыз су тұтынушылары ауыз суды жасыл желектерді суаруларына байланысты көп мөлшерде пайдаланулары орын алуда. Соның салдарынан қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің жоғарғы қабаттарына ауыз судың қысымына кері әсерін тигізуде.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 28.02.2015 жылғы №163 бұйрығымен бекітілген «Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидалары» ережелерінің 1 параграф 17 тармағына сәйкес – ауыз суды жасыл желектерді суаруға пайдаланатын уақытты қызмет көрсетуші белгілейді деп көрсетілген.
Жоғарыда аталған ережеге сәйкес, «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны, жеке сектор тұтынушыларына ауыз суды тиімді пайдаланып, жасыл желектерді суаруды арнайы су пайдалануға рұқсат берілген уақытқа сәйкес су өлшеуіш құралдары арқылы кешкі 23.00 ден таңертеңгі сағат 06.00-ге дейін жүргізуді сұрайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!