Жылу маусымының аяқталуына байланысты 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында Қызылорда қаласының жылу желілерінде 15 кгс/см2 дейінгі қысыммен магистральдық және 12 кгс/см2 ауданаралық жылу құбырларының тығыздығына гидравликалық тексеру жүреді. Қаланың оңтүстік ауданында ең жоғары температуралық жылу тасымалдағыш сынағы өткізіледі.
Осы орайда «Қызылордажылуэлектрорталығы» мекемесі тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
«Сынақ жүргізу кезінде бөгде адамдарға магистральды құбырлардың жанында болуға қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ қаланың жылу құбырларында (трассаларында) авариялық жағдайлардың туындауының алғы шарттарын болдырмау мақсатында кондоминиумның барлық басқару органдары (ПИК) және жылу энергиясының басқа да тұтынушылары жылытудың, ішкі жылу желілерінің сыртқы жылу желілерінен сенімді ажыратылуы тиіс», – делінген аталған мекеменің таратқан хабарламасында.
Сынақ кезінде желілік судың ағуы және құбырлардың үзілуі анықталған жағдайда диспетчерлік қызметке 25-00-45, 25-01-04 телефоны бойынша дереу хабарлау қажет.
Байланыс тел, 8-776-869-20-53 немесе қалалық коммуналдық шаруашылық қызметінің диспетчерлік қызметіне – 109.
«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК жылу желілерінің филиалына 2022 жылдың 15 сәуір айына дейін төмендегі мәліметтерді көрсете отырып, кепілдік хат ұсынылу тиіс. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, ішкі жылыту жүйесін сенімді өшіру орындалмаған жағдайда оның салдары үшін жауап бермейді», деді «Қызылордажылуэлектрорталығы» мекемесінің қызметкерлері.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!