Қызылордада 16 адамды алдаған алаяқтар ұсталды. Олар тұрғындарға мұнай компаниясына жұмысқа тұрғызуға уәде берген.

Қызылорда облысында 16 тұрғынды алдап соққан алаяқтар қолға түсті. Олар тұрғындарды Теңіз мұнай компаниясына жұмысқа орналастырамыз деп уәде берген.

«Байқоңыр полициясына 16 тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданған. Осы жылдың наурыз-сәуір айларында екі азамат әлеуметтік желі арқылы арнайы топ ашқан. Онда ақшалай сыйақы арқылы Атырау облысындағы Теңіз мұнай компаниясына жұмысқа орналастыратынын айтқан. Сол арқылы әр адамнан 150-200 мың теңге аралығында банктегі есепшотына ақша аудартып алған. Жәбірленушілерге келген шығын үш млн теңгеге жуықтаған», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомствоның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйел ұсталды. Олардың екеуі де Қызылорда облысында дүниеге келген. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада қаңтар оқиғасында полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасағандар ұсталғаны жазылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!