Қызылорда қаласына қарасты Қараөзек ауылында абайсызда арыққа құлап кеткен бес жастағы ұл бала көз жұмды.
Оқиға бүгін, 21 мамырда сағат 12:00 шамасында болған. Қызылорда қаласына қарасты Қараөзек ауылында тұратын 2017 жылғы сәби балалармен бірге дүкенге шығып кеткен.
«Сәби абайсызда ауылға кіре берісте орналасқан арыққа құлап кетіп, сол жерде қаза болған. Ауыл тұрғындары оның жансыз денесін өз күшімен шығарып алған», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада суға батып кеткен оқушының денесі табылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!