Қызылорда қаласында жыл басынан бері 224 алаяқтық дерегі тіркелген. Олардың 121-і интернет желісі арқылы жасалған.
Алаяқтық қылмыспен айналысатындардың 70 пайызы – әйелдер.
Қазіргі таңда алаяқтық қылмысы былтырғымен салыстырғанда 44,1 пайызға азайған
«Бұл халықтың құқықтық сауатының жылдан-жылға өсіп келе жатқандығын білдіреді. Полиция қызметкерлері күнделікті халыққа алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндіруде. Тұрғындар осыған мән беруі қажет. Алайда, алдап-арбаудың жетегінде кетіп жатқандар көп», – деді Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада төлем терминалын бұзып, ақша ұрлаған әйел ұсталған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!