Қызылорда облысында «Қауіпсіз жол» айлығының екі күнінде 521 құқық бұзушылық тіркелді.
« Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз, хабарлама жібермей кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысудың – 3, медициналық қарап-тексеруден өтпеудің – 2, заңсыз қайта жабдықтаудың – 16, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген – 57, ұялы телефонмен сөйлесудің – 26, жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарудың – 5, қауіпсіздік белдігін тақпаудың – 108, жаяу жүргіншіге жол бермеудің – 18, құжатсыз автокөлік басқару бойынша – 34, жаяу жүргіншілер жолағынан өтпеудің – 30, маневр жасау ережесін бұзудың 43 дерегі анықталды», – деп жазды аймақтағы полиция департаментінен .
«Қауіпсіз жол» айлығы 17 тамызға дейін жалғасады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!