Қызылордада газды қарумен оқ атқан тұрғын қамауға алынды.

Әлеуметтік желіде белгісіз азаматтың газды тапаншамен ауаға оқ атқан видеосы жарияланды.

«Тексеру барысында оқиға Қызылордада той өткізу кезінде болғаны анықталған. Одан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған дерек бойынша 24 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы, 484-бабы, 485-бабы бойынша хаттамалар толтырылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда ол 7 тәулікке қамауға алынған.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада 22 мың түпке жуық сора өсімдігі жойылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!