Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топ пен ЖАс ғалымдар клубының бірлескен отырысы өтті. Жиынға ҚХА құрылымдарының өкілдері мен ғылыми-сарапшылық тобының клуб мүшелері және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
Кездесуді ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Айтжан Оразбақов ашып, Астана қаласында өткен ҚХА-ның XXXIV сессиясында қозғалған өзекті мәселелерге тоқталды.Сондай-ақ, топ мүшесі Даулет Омаров Ассамблеяның 30 жылдығына арналған республикалық конференция мен арнайы ғылыми жинақ дайындау жаспарларын таныстырды. Одан бөлек, жас ғалымдар клубының жұмысы мен алдағы бағыттарын да баяндады.
Жиын барысында қатысушылар пікір алмасып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Отырыстың қорытындысында нақты іс-шаралар пысықталып, ғылыми ынтымақтастықты арттыру жолдары талқыланды.
Айта кетейік, жас ғалымдар клубының жетекшісі болып Марат Сүгірбай тағайындалды. Оның бұл қызметке келуі клуб жұмысына тың серпін беріп, жастардың ғылыми-зерттеу бағытындағы бастамаларын қолдауға, қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтарын ілгерілетуге ықпал етпек.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!