Қызылордада қызметтік ит 154 сіріңке қорабына салынған есірткіні анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің инспектор-кинологы Азамат Пазылов «Қызылорда-Жезқазған» тас жолының бойында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынының басқаруындағы Түркістаннан Жезқазғанға бара жатқан «Hyundai Elantra» автокөлігін тоқтатқан.

«Тексеру барысында инспектор өзіне бекітілген қызметтік-іздестіру итінің көмегімен автокөліктің жүк салғышынан жол сөмкесіндегі 154 сіріңке қорабына салынған және полиэтилен пакетіне оралған есірткі анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес ол кептірілген марихуана екені белгілі болды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, жүргізуші күдікті ретінде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 6 млн теңгенің ұялы телефондарын ұрлап кетті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!