Қызылордада көлігімен жасөспірім қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда қаласындағы Саламатов және Шымбай көшелерінің қиылысында орналасқан көпір астындағы айналма жолда белгісіз жүргізуші жолды кесіп өтпекші болған велосипедтегі жасөспірім қызды қағып кеткен. Содан кейін оқиға болған жерден бой тасалаған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім қыз дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Аталған жол-көлік оқиғасына байланысты Қызылорда облысы ПД Жергілікті полиция қызмет басқармасының іздестіру тобымен жүргізілді. Нәтижесінде, 46 жастағы «Kia Rio» үлгісіндегі автокөлік жүргізушісі ұсталды», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен және 611-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Еске салсақ, бұдан бұрын екі жыл халықаралық іздеуде жүрген қызылордалық елордада ұсталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!