Қызылорда облысында болған жол-көлік оқиғасынан бір адам көз жұмды. Бұған қоса алты адам жарақат алып, ауруханға түсті деп хабарлады Polisia.kz.
2 ақпанда Самара – Шымкент тасжолының 1860/406 шақырымында Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылының тұсында Ресей елінен Қырғызстан Республикасына қарай бағыт алған Toyota автокөлігі аударылған. Анықталғандай, автокөлік жүргізушісі тайғақ жолда рөлді басқара алмай қалған. Жол апаты салдарынан автокөлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмса, 6 жолаушы жарақат алды, олар ауруханаға жеткізілді. Барлығы Қырғызстан Республикасының азаматтары.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша СДТТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!