Шаңырақ көтерген ғашықтардың екеуі де тонау, біреудің мүлкін жымқыру баптарымен тергеліп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Күдікке ілінген жігіт 29 жаста. Ол қазір қамауда отырған сүйіктісімен бостандықта жүрген кезінде танысыпты.

Қамауға алынардан бір жыл бұрын танысқанбыз. Сөзіміз жарасып, бірден тіл табыстық. Қазір енді қамауда отырмыз. Ойланбай жасаған әрекетіміз үшін екеуіміз де өкінеміз,

— дейді күдікті жігіт.

Бірақ екі жас күдікті деп танылған қылмысты бірігіп жасады ма, жоқ па белгісіз. Өйткені тергеу құпиялығына байланысты мұндай мәлімет берілмейді дейді абақты басшылығы.

Тергеу изоляторында ғашықтардың некелерін қидыратын жағдайлар жиі болады. Оны біз қолдаймыз. Өйткені отбасылы болған адам көп жағдайда жауапкершілікті түсініп, қылмыс жасамауға тырысады,

— дейді тергеу абақтысының заңгері Асқар Мұрабекұлы.

Айта кету керек, жыл басынан бері №68 тергеу изоляторында 7 жұптың некесі қиылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!