logo

Маусым айынан бастап республика көлемінде «Қарасора-2023» арнайы жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

«Аталған шара барысында барлығы 6 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 2 есірткі өткізу және 55 есірткі өсіру дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 1 тонна 890 келі есірткі заты алынды. Қызылорда облысының Полиция департаменті тарапынан іс-шараны жүргізуге барлығы 212 қызметкер, 21 автокөлік техникасы, 1 дрон және жергілікті әкімдіктен 6 дрон аппараты жұмылдырылды. ҚР ІІМ Ұлттық Ұланынан 20 сарбаз, 5 автокөлік бөлінд. Сондай-ақ, оған әуеден шолу жүргізу үшін әскери тікұшақ қатыстырылды», – деді Қызылорда облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Ардақ Дөненов.

Жедел профилактикалық іс-шарасы 31 қазанға дейін жалғасады.

Еске салсақ, Қызылордада канал жағасына егілген екі есірткі алқабы анықталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!