Қызылорда облысы Арал ауданында бүгін өртенген АН-2 ұшағы жайында жаңа мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде хабарлама облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сағат 12.10-де түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 12.18-де жетті. Оқиға Арал қаласына жақын жерде орналасқан Алтынқұдық деген жерде болған. Ол аудан орталығынан шамамен 10 шақырым қашықтықта орналасқан. «Қонуға бет алған ұшақтың толық жанып кеткені белгілі болды. Өрттің әзірге неден шыққаны белгісіз. Бұл мақсатта оқиға орнында арнайы сараптама тағайындалады», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова. Ведомство мәліметінше, аталған ұшақ TJA5217 санитарлық бағыты бойынша жұмыс жасаған. Экипаж «Санавиация» қызметінің тапсырмасы бойынша шыққан. Ұшақта 1970 жылғы экипаж командирі, 1992 жылғы екінші пилот және 1974 жылғы дәрігер болған. Адамдар аман.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!