Бүгін “Ауыл” партиясының ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығында партия активтеріне арналған өңірлік семинар жұмыстары өтуде.

Семинар жұмысына 7 аудан мен облыс орталығынан 90-ға жуық партия активтері қатысып, шешендік және көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, әлеуметтік желілермен жұмыс істеу негіздері, цифрлық сауаттылық секілді тақырыптарда белгілі спикерлерден дәріс алуда.

Алқалы жиында “Ауыл” партиясы орталық аппараты басшысының орынбасары Нұрхат Ораш семинардың мән-маңызын атап өтіп, партияның еліміздегі ең ірі, ықпалды саяси күш ретінде, халықтың сұранысына жауап беріп, тиімді шешімдер ұсынатын алаңға айналғанын жеткізді.

Айта кетейік, семинар жұмысы 2 күнге жоспарланған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!