Дәрігерлер оның жұлыны үзілгенін айтады, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұған дейін қызылордалық жас келіншек Аруна Асылбекке полиция департаментінде істейтін күйеуі Жасұлан Асылбек әбден жәбір көрсеткенін жазғанбыз. Майор шенді қызметкер 22 жастағы әйелдің тіпті басынан бірнеше рет банкімен ұрған. Ал одан жан сауғаламақ болған келіншек үшінші қабаттан құлап кеткен.

Қазір Аруна Асылбек облыстық ауруханада ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оны жедел жәрдеммен жеткізілген уақытта өлім мен өмір арасында болғанын айтады. Қазір жұлыны үзілген жүкті келіншек есін жинаған.

Санасы түзу. Екі аяғы істемейді және жамбас, қуық органдары жұмыс істемейді. Ол жұлын зақымдануына байланысты. Ал бұл жұлын қайтадан тігілмейді,

-дейді облыстық аурухананың дәрігері Шынжырбай Оразмаханұлы.

Ал полиция департаментіндегілер майорды бүгін жұмыстан шығарғандарын мәлімдеді. Алайда бұл дерек бойынша әзірге күдікті ретінде танылмаған.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бұл іс департамент басшысының тікелей назарына алынды. Қызметтік тексерістен кейін майор Жасұлан Асылбек қызметінен босатылды.

— дейді полиция департаментіндегілер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!