Фото: Қызылорда облысы әкімдігі
Биыл көктемде Қызылорда облысында 193,7 мың гектар жерге егін егіледі. Оның 85,9 мың гектары — күріш.
Бүгінгі күні жергілікті операторлар 10 мың тонна дизель отынының ақпан, наурыз айларына бөлінген 1500 тоннасын жеткізді. Тағы 843 тоннасы шаруашылықтарға таратылды, – деп хабарлады Қазақпарат.
— Өткен жылы ауыл шаруашылығы құрылымдары құны 8,8 млрд теңге болатын 250 техника сатып алды. Сондай-ақ машина-трактор паркі жаңартылды. Алдағы егін маусымы қарсаңында 4 мыңнан астам техника толық жөнделді, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев.
Көктемгі дала жұмысына дайындық кезінде су мәселесі де бақылауда. 2025 жылғы 26 наурыздағы Сырдария өзеніндегі судың жағдайы бойынша «Шардара» су қоймасына жоғарыдан секундына 129 текше метр су түсуде. Қоймадағы су көлемі — 4,6 млрд текше метр. Сырдария өзенінің төменгі ағысына соның 200 текше метрі жіберілуде. Бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда екі есе аз.
Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев Солтүстік Арал теңізінің тартылуынан күріш егісін қысқартуға тура келетінін мәлімдеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!