Қызылорда қаласында қатып қалған каналдардың бірінен ер адамның мәйіті шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазір ер адамның нақты неден көз жұмғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«3 желтоқсанда «102» арнасына қатып қалған каналдан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті», – деп мәлімдеді полицейлер.
Алдын ала мәлімет бойынша мәйітте өлімнің себебін көрсететін айқын белгілер жоқ. Тергеу жұмыстары әрі қарай жалғасады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!