Қызылорда облысында қауын тиелген жүк көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының 1 872 шақырамында болды.

«Шиелі ауданынан Ресейге бет алған «Volvo FH» шыққан жүк автокөлігінің тіркемесі толығымен жанды. Өрттің шығу себебі – тіркеменің дөңгелегі жарылып, жел салдарынан ашық жалын пайда болған. Ол тіркемеге тиіп өртенген. Тіркемеде қауын тиелген. Өрт сөндірушілер күшімен толықтай сөндірілді», – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Ақшабұлақ кен орнында цистерна жарылып, бір адам көз жұмды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!