фото: видеодан скриншот

Қызылордада жеке тұрған бір қабатты қойма үй-жайы өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда қаласында, Суриков көшесінде жеке тұрған бір қабатты қойма үй-жайында өрт болды. Арнайы техникадан және екі шаруашылық ғимаратта жиналған дөңгелектер жанып кетті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 200 шаршы метр аумақта жойылды, – деп жазылған хабарламада.

Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!