Бүгін Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ел аймағынан жиналған жастар «Сыр елі – достық мекені» форумында бас қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Достық үйіндегі этномәдени бірлестіктер төрағаларымен кездескен жастар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Kyzylorda Hub» коворкинг орталығында «Жасанды интеллект: оның мүмкіндіктері мен әлеуеті» тақырыбында бірінші секция жұмысын өткізді.
Оның барысында жастар мен сарапшылар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жастардың рөлі, кәсіпкерлік пен көшбасшылықты дамыту мүмкіндіктері, сондай-ақ жастар саясатының өзекті мәселелері туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, форум аясында «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаевтың қатысуымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жанынан құрылған «Студенттік Ассамблея» орталығы ашылды.
Ал «Болашақ» университетіндегі секциялық отырыс жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыруға, жастардың кәсіптік бағдарын айқындауға арналып, форум қонақтары университет инфрақұрылымымен, арнайы кабинеттермен, жылыжай жұмысымен танысты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!