Фото: ҚР ІІМ
Қызылорда облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы өңірге келген шетелдіктерге «Safetravel.kz» мобильді сайтының мүмкіндігін таныстырып жүр. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған сайт Ішкі істер министрлігінің бастамасымен елімізде шетелдік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың Қазақстан аумағында еркін әрі қауіпсіз жүруіне жағдай жасау мақсатында іске қосылған болатын.
— Департаменттің көші-қон қызметі басқармасы өңірге келген шетелдіктерге QR коды бар туристік карта таратады. Онда туристерге қажет барлық маңызды ақпарат — шұғыл байланыс, қауіпсіздік ережелері, мемлекеттік қызмет алу тәсілдері көрсетілген. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірге халыққа қызмет көрсету орталықтарында шетелдіктерге қызмет көрсету барысында туристік карталар таратылып, сайтпен жұмыс істеу тәртібі түсіндіріледі, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар аталған орталықтарда «Safetravel.kz» сайтына кіру тәсілдері жазылған QR коды бар стендтер орнатылған.
Дереккөз: Kazinform
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!