Қызылордада қаруға ұқсас затпен ауаға оқ атқан 21 жастағы азаматтан Ресейде жасалған қару тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, әлеуметтік желіде Қызылорда қаласында тойда белгісіз азаматтың қаруға ұқсас затпен ауаға оқ атқан бейнежазбасы жарияланды. «Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қызылордалық полицейлер 21 жастағы күдіктіні ұстады. Одан Ресейде жасалған қару және оқ жатары айғақ зат ретінде алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды», – деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!