Қызылордада тергеу изоляторына палау арасына телефондарды жасырып өткізбек болған ер адам ұсталды.
Қызылордада ЗК-169/1 мекемесінің сәлем-сауқатты қабылдау бөлмесінде ыстық тағам арасына бірнеше ұялы телефон салып өткізбек болған азамат ұсталды.
«Ол аталған мекемеде қамауда отырған айыпталушы 28 жастағы танысына сәлем-сауқат әкелген. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша жазасын өтеуде. Сәлем-сауқатты тексеру барысында палаудың ішінен үш телефон және бір қуаттағыш, үш SIM-карта табылды», – деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.
мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жіберілді. Онда қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру жағдайы көрсетілген.
Еске салсақ, бұдан бұрын өзі туған баланы көшеден тауып алдым деген қызылордалықтың үстінен іс қозғалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!