Қызылордада заңсыз екі ойынхана бизнесінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл мақсатта Қызылорда облысы прокуратурасы және Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тарапынан арнайы жедел шаралар жүргізілді. Нәтижесінде облыс орталығында жасырын түрде заңсыз құмар ойындары бойынша қызмет жасайтын екі ойынхана анықталды.
«Ұйымдастырушылар бұл мақсатта екі пәтерді жалға алған. Ол жерден полицейлер 400 мың теңгеден астам ақша және 15 компьютер тәркіледі. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-бөлігімен (Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеті басталды.
Қылмысқа күдікті Қызылорда қаласының екі тұрғыны ұсталып, олардың басқа да сыбайластары анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, Қызылорда облысында «Қарасора-2023» іс-шарасы аясында есірткі өсірген 23 адам қолға түсті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!