Қызылорда облысында жыл басынан бері әртүрлі жануарлардан зардап шеккен 290 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биыл өңірде жыл басынан бері аса қауіпті құтырма ауруына шалдығу дерегі тіркелген жоқ. Алайда әртүрлі жануарлардың тістеуінен, тырнауынан, сілекейлеуінен зардап шегіп, медициналық көмекке 290 адам жүгінген, Былтырғы жылдың дәл осындай мерзімімен салыстырғанда зардап шеккендер саны 20,5 пайызға төмендеген. «Жарақат алғандардың басым көпшілігін қала тұрғындары құрайды. Олардың 90 пайыздан астамы иттен алған зақымдану құрайды.
Жануарлардан зардап шеккендердің барлығына толықтай қауіпті құтырма ауруына қарсы егу тағайындалды. Жануарлардан жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген әрбір адамның тиісті антирабиялық егумен қамтылуына қалалық және барлық аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен апта сайын мониторинг жүргізілуде», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
Еске салсақ, Қызылордада Конго-қырым қанды безгек қаупі бар 116 елді мекен анықталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!