Қызылорда облысында жол-көлік апатынан екі адам оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға 12 наурызда «Батыс Европа – Батыс Қытай» тас жолының Шиелі ауданы Сұлутөбе елді мекені тұсындағы аумағында болды. Екі жеңіл автокөлік соқтығысып, 2 адам оқиға орнында қаза болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізілуде.

«Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу жағдайы көрсетілген. Бұл бойынша тиісті сот сараптамасы тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Еске салсақ, Қызылордада адам қағып өлтірген полиция қызметкері ұсталды.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!