Қызылорда облысында жыл басынан бері 13 адам суға кеткен. Оның ішінде 5-і бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста суға кету оқиғалары азаймай тұр. Мамыр айында төрт адам осындай оқыс оқиға салдарынан көз жұмды.

«Былтыр осы аралықта 8 адам суға кетіп қаза болған еді. Оның ішінде 3-і бала. Биыл суға кеткендердің саны 13 адамға жетті, олардың арасында 5-і бала. Сондықтан тұрғындардан» барлық қауіпсіздік шарасына назар аударуды сұраймыз», – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада қайығы аударылып, көл ортасында қалып қойған ресейліктер құтқарылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!