Қызылорда облысында соңғы жылдары құрылыс қарқыны күшейіп, әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтеруде. Бүгінде бірнеше жобалар аяқталу сатысында тұр.

Мәселен, қазіргі таңда физика-математика бағытындағы мектеп-интернатының ішкі әрлеу жұмыстары соңына таяп, нысан заманауи техникамен жабдықталу үстінде. Сондай-ақ, мектеп аумағында абаттандыру, көгалдандыру және сыртқы инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сырдария өзенінің сол жағалауында салынып жатқан тарихи-мәдени мұра орталығы да толыққанды пайдалануға берілуге жақын. Мұндағы іргетас құю, шатыр жабу, қабырғаларды қалау секілді негізгі құрылыс жұмыстары аяқталған. Енді инженерлік желілер мен техникалық жабдықтарды орнату жұмыстары жүріп жатыр.

Қалада орналасқан тағы бір маңызды нысан – музыкалық колледж. Аталған нысан да өзіндік жұмыс жоспарына сай орындалып келеді. Жер жұмыстары мен қабырға көтеру кезеңі аяқалған. Қазір винтаж терезелер орнатылып, су, кәріз, газ және электр желілері тартылуда.

Жалпы, қаладағы білім, мәдениет және инфрақұрылым бағытындағы құрылыс нысандары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталуға жақын. Бұл жобалардың бәрі де өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды қадамдардың бірі болып есептеледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!