ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаменті мен қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Көктем-2026» әскерге шақыру аясында жас сарбаздарды шығарып салу іс-шарасы өтті.

Іс-шара барысында арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жастарға рух беретін патриоттық әндер шырқалды. Сонымен қатар болашақ сарбаздардың ата-аналарымен кездесу өткізілп, әскери қызметтің маңызы мен жауапкершілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Салтанатты шарада сөз алған жауапты тұлғалар жас сарбаздарға ақ жол тілеп, Отан алдындағы борышты абыроймен атқаруға шақырды.

Айта кетейік, 23 қызылордалық сарбаз Маңғыстау облысындағы Шекара қызметіне аттанды.
«АЖ-ақпарат»
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!