Фото: Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Электрондық сауда алаңында «Рахман қайнары» шипажайын мемлекеттік органдардың балансына беру бойынша сауда-саттық өтті.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді.

“22 тамызда сауда-саттық өтті. Қазір нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ, – деді ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.

Айта кетейік, «Рахман қайнары» шипажайы 1964 жылы ашылған. Ондағы минералды радон сулары түрлі сырқатқа ем.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!