Таразда «Қазфосфат» зауытында Ресей азаматының мәлімдемесіне байланысты наразылық шықты. Зауыт өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға орнынан видеоны Нурадин Ракай есімді Facebook қолданушысы бөлісті. Желі оқырмандары наразылыққа ұлтқа қатысты қорлау мәніндегі сөз себеп болғанын хабарлап жатыр. Алайда Жамбыл ауданы әкімдігі өкілдері ұлтаралық мәселе болмағанын айтып отыр.

«Қазфосфат» зауытында (НДФЗ) болған жұмысшылар наразылығына сәйкес Ресей азаматы жұмысшылардан кешірім сұрады және жұмыстан босатылды. Сондай-ақ, жұмысшылардың талап-тілектері мен ұсыныс-пікірлері бойынша жұмысшы топ құрылып, зерделеу жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Ұлтаралық мәселе болмаған. Зауыт штаттық режимде жұмыс жүргізіп жатыр», – делінген әкімдік хабарламасында хабарламада.

Әкімдік өкілдерінің сөзінше, жұмыстан қуылған адам цех басшысы болған екен. 

Бұл зауыт Тараз қаласынан 18 шақырым қашықта орналасқан. Зауыттың филиалында 1,5 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!