Павлодар облысының әкімі көші-қон мәселелері бойынша өңірлік жедел штабтың отырысын өткізді.

Ресей Федерациясынан келушілер санының артуы өңірлік жедел штабының отырысы барысында қарастырылды.

Әбілқайыр Сқақов миграциялық процесстерді бақылауды күшейтуді тапсырды.

ҚР ҰҚК шекара қызметі департаментінің бастығы Ғани Бекмырзаевтың ақпаратына қарағанда, 21-26 қыркүйек аралығында Павлодар облысы шекара бекеттерінен 35 мың адам өткен.

Оның ішінде 13 мың адам – Ресей Федерациясының азаматтары, 5 мыңы Қазақстан аумағынан кетті.

Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдің сөзіне қарағанда, соңғы бес күн ішінде ХҚО және көші-қон қызметі бөлімшелеріне келуі туралы ескерту бойынша 388 ресейлік азамат өтініш берген, уақытша тұруға 154 адам көмекке жүгінген.

Облыстағы криминогендік жағдай тұрақты.

Облыс орталығында үш халыққа қызмет көрсету орталығы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Павлов, 48 мекенжайы бойынша күшейтілген ХҚО ашылды.

Адамдардың шамадан тыс көп шоғырланбас үшін шетелден келушілер үшін арнайы кезек пен бес қосымша терезе ұйымдастырылған.

Әбілқайыр Сқақов жағдайды мониторинг жүргізу мен түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп, барлық мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимылын күшейтуді тапсырды.

«Жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша іс-шара қолдану маңызды. Полиция департаменті мен Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментіне өңірдегі заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, келген ресейліктерді уақтылы тіркеу бойынша алгоритм әзірлеу қажет, – деді өңір басшысы. – Қалалар мен аудандар әкімдері мигранттар легін реттеуге арналған штабтар құру керек».

Облыс әкімі шетелден келгендерге ҚР Заңға сәйкес көмек көрсетілетінін атап өтті.

Құзыретті органдарға қонақ үй иелері және мигранттармен жауапкершілік жайында түсіндіру жұмысын жүргізу тапсырылды.

Облыста жедел желі іске қосылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!