Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оның 7 мың шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жезқазған – Петропавл», «Мұқыр – Құлсары», «Орал – Атырау» және басқа да автожолдар қамтылды, «Орталық – Батыс» автожолының, сондай-ақ «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Қарағанды – Жезқазған» учаскелерінің, Сарыағаш, Рудный және Шымкент айналма жолдарының құрылысы басталды. «Қалбатау – Майқапшағай» жолы аяқталады.
Артық жүктемелерді бақылау үшін 60 автоматтандырылған өлшеу стансасы (АӨС) орнатылды, 2025 жылдың соңына дейін олардың саны 220-ға жеткізіледі.
«Цифрландыруға көп көңіл бөлінуде. Электронды билеттер, цифрлық диспетчерлеу, болжамды техникалық қызмет көрсету, зияткерлік көлік жүйелері енгізілуде», – деді көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!