Фото: ҚР ІІМ

KAZINFORM – Риддер қалалық сотында билік өкілін қорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот мәліметіне сүйенсек, қала тұрғыны түнгі уақытта «102» арнасына бірнеше рет қоңырау шалып, жедел кезекші қызметкердің көмекшісіне боқтық сөздер айтқан. Оның қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескертуге де құлақ аспаған. 

Сот барысында ер адам істеген ісіне өкінетінін білдіріп, жәбірленушіден кешірім сұрады.

Айыпталушының бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандығы істі жеңілдететін мән-жай ретінде есептелді. Сот оған 80 сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!