Қазақстандық Александр Бублик жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шыға алмады.
А.Бублик аустралиялық Танаси Коккинакиспен бірге үшінші айналымда хорватиялық Иван Додиг – америкалық Остин Крайчекпен күш сынасты.
Бір сағат 15 минутқа созылған кездесуде хорватиялық-америкалық жұп 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Олар 6 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қазақстандық-аустралиялық жұп 6 эйспен ғана көзге түсті.
И.Додиг пен О.Крайчек жартылай финалға шығу үшін жарыстың бірінші ракеткалары, америкалық Раджив Рам – ұлыбританиялық Джо Сэлисберимен таласады.
Осылайша Франция ашық чемпионатында Қазақстанда жекелей сында Елена Рыбакина ғана қалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!