“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы PR-маманың хабарлауынша А және А1 санаттарындағы жүргізуші куәліктерін алуды жоспарлап отырған қызылордалықтар үшін бекітілген емтихан кестесіне назар аудару маңызды. Ағымдағы жылдың сәуір айында емтихандар екі рет — 11 және 25-ші күндері өткізіледі.
Білу маңызды:
- Емтиханға жазылу тек жеке жүгінген кезде ғана жүзеге асырылады. Онлайн тіркелу немесе телефон арқылы жазылу қарастырылмаған. Бұл талап рәсімнің ашықтығы мен объективтілігін арттыруға бағытталған.
- Жеке көлікте емтихан тапсыруға мүмкіндігі шектеулі жандарға ғана рұқсат етіледі. Қалған үміткерлер емтихан орталығы ұсынған көлікті пайдаланады.
Емтихандар белгіленген нормалар мен талаптарға сәйкес қатаң түрде өткізіледі. Қажетті құжаттардың тізімін алдын-ала нақтылау, сондай-ақ сәтті тапсыру мүмкіндігін арттыру үшін алдын-ала дайындықтан өту ұсынылады.
Мекен-жайы: Тасбөгет кенті, Жаңадария шатқалы ғимараты.91
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!