Салтанат Нүкенованың есімі Қазақстанның маңызды тұлғаларының пантеонына енгізілді. Бұл туралы оның ағасы Айтбек Амангелді мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айтбек Амангелдінің сөзінше, анасымен бірге мемориалдық тақта мен пантеон орналасқан Қостанай облысындағы «Амангелді» кешеніне арнайы барған.
«Қазақстан тарихындағы маңызды тұлғалардың арасында Салтанаттың есімімен мемориалдық тақта қойылды. Бұған дейін Павлодардан топырақ алып, пантеонға жібердік. Мұнда Салтанат Қазақстан тарихына әсер еткен тарихи тұлғалар қатарына енгізілді», – деп жазды Айтбек Амангелді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!