Бұл сұраққа Мемлекеттік кірістер комитеті Аудит департаменті берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Арын Қайсар жауап беріп көрді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, келесі жылдан бастап салада айтарлықтай жаңашылдықтар болады.

– Келесі жылдан бастап қолданысқа енетін Салық кодексі бойынша, салық берешегін сараланған тәсілмен қайтару тәртібі енгізіледі. Салық берешегі 20 айлық есептік көрсеткіштен (86 500 теңгеден) төмен азаматтарға өсімпұл есептеліп, ескертпе жіберіледі.

Ал 20 АЕК-тен 45 АЕК-ке (194 625 теңгеге) дейінгі аралықтағы берешегі барларға өсімпұлмен бірге хабарлама жіберіледі. 20 АЕК-ке дейінгілерге ескертпе барса, бұларға хабарлама жолданады. Хабарлама барғаннан кейін берешекті қайтаруға 10 күн беріледі. Осы 10 күннің аралығында берешек төленбесе, есепшоты мен кассалық шығыс операциялар тоқтатылып, инкассалық үкім қойылады, – деп түсіндірді Арын Қайсар. 

Ал салық берешегі 45 АЕК-тен асса, жоғарыда аталған шаралардан бөлек мүлкін тәркілеу, оны сату, дебиторлармен жұмыс істеу, ең аяғында банкрот деп тануға дейінгі жазалар қолданылмақ.

Бұған дейін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жолдауында салық берешегі барлардың банктегі есепшотын толық бұғаттамауды тапсырған болатын. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!