Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағанды облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің жаңа басшысы болып Санат Қабиденұлы Мусин тағайындалды, деп хабарлайды KAZINFORM.

Санат Мусиннің еңбек өтілі 26 жылдан асады. Соның 19 жылдан астамы мемлекеттік қызмет саласына тиесілі.

Әр жылдары атқарушы билік органдарында түрлі лауазымдарды атқарған. 2003 жылдан бастап сот орындаушылығы, құқықтық қамтамасыз ету және әкімшілік басқару бағыттарында қызмет етті.

2012 жылдан бері оның кәсіби қызметі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен байланысты. Қарағанды облысының білім саласындағы бақылау департаментінде әкімшілік және қаржылық жұмыс бөлімін, кейін білім беру қызметін лицензиялау бөлімін басқарды. Сондай-ақ Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаменттерін басқарып, мол тәжірибе жинақтады.
Осыған дейін Қарағанды облысының экология департаменті басшысы лауазымына Бегали Сапаралиев тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!