Фото: arbatmedia.kz
Алматы облысында дауыл кезінде қаза тапты деген сарбаз Алмас Шәкімовтің денесіне эксгумация жасалды. Оның туыстары жігіт адам қолынан өлгеніне сенімді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бір жарым жыл бойы әділдік іздеп таппаған марқұмның жақындарына қынжылады. Себебі азаматтық борышын өтеуге барған көкшетаулық жігіт кісі қолынан мерт болғанын айтады
«Алматының әскери прокуратурасынан әділдік болмады. Өзіміздің бас прокуратураға, Астананың әскери прокуратурасына, бәріне бардық. Ешқайсысынан шындық ашылған жоқ. Істі жылы жабуға тырысты», – дейді марқұмның әжесі Күлмайда Туғанбаева.
Олар ұлдарын қара жерден қазып алуға тәуекел еткен. Айтуларынша, марқұмның денесінде сау тамтығы жоқ. Иығы, екі аяғы сынған, санына шеге тығылған, басы жарылған.
Айтуларынша, Алмас әскерде әліжеттік көріп, мерт болды.
Еске салсақ, 19 жастағы Алмас Шәкімов Алматы іргесіндегі полигондардың бірінде әскери жаттығу кезінде құмды дауыл басталып, мерт болған. Әскери басшылығы оның басына темір құрастырмалы палатка құлады деп рапорт берген. Кейін «Ерлігі үшін» медалімен де марапаттаған. Бірақ туғандары ол медальдан бас тартты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!