Фото: Әлеуметтік желіден

Бұл туралы Алматының Төтенше жағдайлар департаменті ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Кагзгидромет» болжамына сәйкес 16-18 мамыр қалаға іргелес таулы аудандарда қатты жауын-шашын жаууы мүмкін. Сондықтан өзендердегі су деңгейінің көтеріледі деп болжанып отыр. Егер қауіпті межеден асып кеткен жағдайда су арнасынан асып, төгілуі мүмкін. 

Құтқарушылар тұрғындарға жақын маңдағы арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту қажеттігін еске салды. 

Болжамға сәйкес, 16 мамырда кешке, сондай-ақ 17 мамырда түнде Алматыда қатты жаңбыр, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі . Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 17-22 метрге жетуі мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!