KASE Қазақстан қор биржасының ақпараты бойынша, 15:30-да жүргізілген сауда-саттықта доллардың орташа өлшенген бағамы 472,68 теңгені құрап, тағы 2,83 теңгеге төмендеді.
Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 8 теңгеге дейін төмендеді (-0,19).
Қытай юані мен еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық Банк юань бағамын 66,85 теңгеге, еуроны 464,15 теңгеге белгіледі.
Айырбастау пункттерінде долларды 473-477 теңгеден, еуроны – 460-466 теңгеден, ресей рублін – 7,25-7,55 теңгеден сатып алады/сатады.
Сонымен қатар 4 қазандағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы біршама өсті.
Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,5%-ға өсіп, барреліне 89,33 долларды құрады.
WTI мұнай фьючерстері барреліне 83,94 долларға дейін 0,4%-ға қымбаттады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!