Бүгін SCAT және Air Astana әуе компаниялары Дубай мен Доха қалаларынан Алматы мен Астанаға 6 рейс орындайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Таяу Шығысқа ұшулар әлі де алты мемлекеттің (Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливан) әуекеңістігін айналып өту арқылы жүзеге асырылуда.
Мәселен, Air Astana 25 маусымнан бастап Дубайдан Алматы мен Астанаға, сондай-ақ Дохадан Алматыға ұшатын әуе рейстерін қайта іске қосты. Бүгінгі күнге дейін шегеріліп келген рейстердің жолаушыларын елге қайтару үшін қосымша репатриациялық рейстер де ұйымдастырылады.
SCAT әуе компаниясы азаматтарды Қатар елінен Қазақстанға шығара бастады. «Доха-Алматы» рейсі бүгін Қатар уақытымен сағат 07:35-те орындалды. Бортта 213 жолаушы болды. Сондай-ақ бүгін «Доха-Астана» рейсі орындалады. Борт Дохадан Қатардың жергілікті уақытымен сағат 14:30-да ұшады деп жоспарланған. Жолаушылардың саны – 290 адам.
Азаматтарды әкетуге арналған келесі жоспарланған чартерлік рейстер:
27.06.25 Доха-Астана
29.06.25 Доха-Алматы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!